Иранға қарсы қарарды ұсынушылар - адам құқығын бұзушылар
(last modified Tue, 17 Nov 2020 15:22:37 GMT )
Қар 17, 2020 21:22 Asia/Almaty
  • Иранға қарсы қарарды ұсынушылар - адам құқығын бұзушылар

Кейбір елдердің Иранға қарсы жалған айыптауларға негізделген адам құқығы туралы қарар қабылдау қайталанатын әрекетке айналды.

 

Осыған байланысты соңғы әрекет ​​Канада тарапынан БҰҰ Бас ассамблеясының үшінші комитетіне Иранға қарсы ұсынылған қарар болды. Иран Жоғары сотының адам құқғы штабыынң хатшысы Әли Бақерикани бұл қарарды қабылдамай: «Бұл қарардың одақтастары - қолдары мыңдаған ирандықтардың қанына былғанған террористік топтарды қолдаған немесе Иран халқына қарсы АҚШ-тың заңсыз және қатал санкцияларын жүзеге асырған мемлекеттер»,- деді. Бұл қарар БҰҰ Бас хатшысының Ирандағы адам құқықтарының жағдайы туралы есебіне сүйенді. Осыған байланысты Бақерикани БҰҰ Бас хатшысының Ирандағы есірткі контрабандасымен айналысқандардың жазалануын сынағанына, бірақ  4000 адамның шәһид болғаны және 12000 ирандық сарбаздың жараланғаны туралы ешнрәсе айтыпағанына тоқталып, БҰҰ Бас хатшысын АҚШ режимінің санкцияларының Иран халқының тұрмысына әсер еткен рөлін алып тастағаны үшін сынға алды. Саяси көзқарастар БҰҰ-на адам құқықтары туралы шындықты айтуға кедергі болған сияқты. Иран Жоғарыс остының адам құқығы штабы хатшысының өздері дәл осы мәселеге назар аудартады. Бақерикани: «БҰҰ Бас хатшысы өткен жылы Сауд Арабиясы 222 йемендік баланы өлтіргеннен кейін бұл режимді балаларды өлтіретін және балалар құқыларын бұзатын мемлекеттер тізімінен алып тастады. Бұл адамгершілік және адам құқықтары стандарттарына сәйкес келмейді»,- деді. Бұл құқық қорғаушылар өз елдерінде кемсітушіліктерге  наразылық білдірушілерді қатаң басып-жаншып, діни құндылықтар мен қасиеттіліктерге тіл тигізіп отырған жағдайда, сондай-ақ  Еуроодақтың ішінде мұсылмандарға азап-қорлық пен  иммигранттарға қысым көрсетіліп отырғанына  қарамастан  басқа елдерге қарсы мәлімдемелер мен қарарлар қабылдайды. Канада Иранға қарсы қарарын жергілікті әйелдер кемсітушіліктен қорлық көріп және елде жоғалып кеткен мыңдаған әйелдердің тағдыры белігісіз қалып отырған жағдайда ұсынып отыр. Иранға қарсы адам құқықтары туралы қарарды  ұсынушылар дәрі-дәрмек санкцияларын енгізушілер  мен «көбелектер ауруына» шалдыққан балаларды өлтіруші және жүздеген ирандықтардың құқықтарын бұзушылары болып табылады. Бұл тенденциялар олардың адам құқығы тақырыбына қалай қатынас жасайтынын көрсетеді. Халықаралық мәселелер  сарапшысы Мирқасем Момени: «Батыс тұрғысынан   адам құқығы саяси құрал болып табылады. Олар адам құқығы тақырыбы арқылы дұшпан және оларға қарсы келетін елдерге қысым жасайды. Олар адам құқықтарын шынайы қорғайды деп айтуға болмайды»,- деді.  

 

 

 

Тегтер