Иран Парламенті: Сионистік режим шәһид Фахризадеге жасаған қастандығы үшін жауап береді
Қар 29, 2020 23:41 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері сионистік режимнің Мохсен Фахризадеге жасалған қастандыққа қатысы барлығы айқын екенін айтып: «Сионистік режимнің жалдамалылары осы ақымақтықтарының есесін тиісті дәрежеде қайтаратын болады»,-деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері, сондай-ақ, өз мәлімдемесінде қосымша протоколды ерікті түрде орындауды тоқтату және АҚХА-нің бұрын‑соңды болмаған тексерістерін жалғастыруына тыйым салу арқылы елдің ядролық өнеркәсібін қайта жандандыру қажеттігін баса айтты.