Иранның сыртқы саудасы шамамен 59 миллиард долларға жетті
Қаң 26, 2021 15:36 Asia/Almaty
Иран кеденінің бас директоры соңғы 10 айда Иран мен түрлі елдер арасында құны 59 миллиард долларға жуық 122 миллион тонна тауардың алмасылғанын мәлімдеді.
Мирашарафи санкциялар жағдайындағы сауданың өсу үрдісіне тоқталып: «Иранның соңғы 10 айдағы ең маңызды экспорттық бағыттары Қытай, Ирак, БАӘ, Түркия және Ауғанстан болды»,- деді.