Рухани: Еуропа өз міндеттемелерін орындамады
ИИР Президенті Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралуының шартын АҚШ пен Еуропаның өз міндеттемелерін орындауы деп атады.
Хасан Рухани сәрсенбіде үкімет отырысында осы күндері бірнеше елді қоспағанда, бүкіл әлемнің АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының алдындағы міндеттемелеріне оралуына шақырып отырғанына тоқталып: «Егер олар өз міндеттемелеріне оралса, Иран бірден «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы бүкіл міндеттемелеріне оралады»,- деді. Рухани сондай-ақ Иран Ислам революциясының жеңісінің қырық екінші жылдығын еске алып, Ислам революциясының жеңісінің биыл соңғы бірнеше жылдағыдан өзгеше тойланатынына сілтеме жасап: «Биыл өткен бірнеше жыл ішінде бұл революцияны терроризммен және экономикалық соғыспен тізе бүктіргісі келгендер жоқ»,- деп мәлімдеді.