Иранда COVPars вакцинасының клиникалық сынағы басталды
(last modified Sun, 28 Feb 2021 17:04:39 GMT )
Ақп 28, 2021 23:04 Asia/Almaty

Жексенбі күні Рази институтының COVPars вакцинасының клиникалық сынағы екі еріктіге екпе салумен басталды.

COVPars вакцинасы – коронавирусқа қарсы жаңа құрамды протеиннен жасалған алғашқы екпелі-ингаляциялы вакцина.

Iran Press ақпарат арнасының хабарлауынша, Рази вакцина және сарысу жасау институты басшысының технологиялық зерттеулер жөніндегі орынбасары Мұхаммед Хасан Фаллах Меһрабади аталмыш вакцинаның клиникалық сынағының бірінші кезеңіне 133 ерікті қатысатынын айтып: «Бірінші топта 13 адам, қалғандары 30 адамдық төрт топта сынаққа қатысады»,-деді.

Тегтер