Сионистік режим ашынғаннан Иранға қарсы уәж айтуда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i50922-Сионистік_режим_ашынғаннан_Иранға_қарсы_уәж_айтуда
Иранның Қорғаныс министрі: "Сионистік режимнің Иранға қарсы қоқан-лоққысы оның үмітсіздіктен ашынғанын көрсетеді",-деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 07, 2021 15:11 Asia/Almaty

Иранның Қорғаныс министрі: "Сионистік режимнің Иранға қарсы қоқан-лоққысы оның үмітсіздіктен ашынғанын көрсетеді",-деп қуаттады.

Иранның Қорғаныс министрі сионистік режим басшыларының Иранға қарсы соңғы қоқан-лоққысына тоқталып: "Кейде бұл режимнің басшылары ашынғаннан жалған уәж айтып, ИИР-ға қоқан-лоққы жасайды",-деді.

Генерал-майор Амир Хатами: "Күш-құдіреттің түрлі қырлары болады. Алланың рақымымен ИИР бүгінде барлық қырдан күш-құдіретке ие болып отыр және оны елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін қолданады",-деді.