Иран Президенті: Иран халқы ерік-жігер соғысында жеңіске жетті
(last modified Thu, 11 Mar 2021 10:31:27 GMT )
Нау 11, 2021 16:31 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Иран халқы ерік-жігер соғысында жеңіске жетті

ИИР Президенті Иран халқының ұлты ерік-жігер соғысында жеңіске жетіп, Ақ үй басшыларын соғыс және барынша қысым көрсету саясатында жеңіліске ұшырағанын мойындатқанын қуаттады.

 

Рухани бейсенбі күні Шәһид күні және Шәһидтер қорының ұлттық жобаларын іске қосу рәсімінде дұшпандардың Иранды өздерінің заңсыз талаптарына бағынуға мәжбүрлеу жобасына тоқталып: «Бұл ерік-жігер соғысында Иран халқы жеңді. Иран халқы қазіргі кезде Ақ үйдің жаңа басшылары үнемі Иранға қарсы мейілінше қысым көрсету саясаттың сәтсіздікке ұшырағанын мойындайтындай жұмыс жасады. Дұшпандар елдің жүйесін құлдыратқысы келді, бірақ жүйе халқының жанкештілігі мен исламдық қарсыласудың арқасында осыдан үш жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда одан сайын күшейді»,- деп мәлімдеді. ИИР Президенті Алла елшісінің (с.ғ.с.)  Мабас күніне тоқталып: «Біз Исламның ұлық пайғамбарының   кеңестер мен уағыздарға толы тартымды ахлағын үлгі  тұтуымыз керек»,- деді.

 

Тегтер