Ислам Революциясы жетекшісінің Грекия премьер-министрін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Tue, 09 Feb 2016 08:59:45 GMT )
Ақп 09, 2016 14:59 Asia/Almaty
  • Ислам Революциясы жетекшісінің Грекия премьер-министрін қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам Революциясының жетекшісі: "Еуропаға "Бұрынғыға қарағанда АҚШ-қа қарсы ерік-жігерге ие емес" деген сын тағылды. Еуропалықтар осы осал тұстарын түзетуі керек" деді.

Ислам Революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Грекияның премьер-министрі Алексис Ципраспен кездесуінде Иран мен Грекияның мәдени және өркениет тарихына тоқталып: "Бұл сапар екі елдің ұзақ мерзімді ынтымақтастықтары мен сауда айналымының жақсы бастамасы бола алады" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Грекия премьер-министрінің Сирия туралы сөздеріне тоқталып: "Лаңкестік аса қауіпті әрі жұқпалы ауру тәрізді. Егер барша онымен шынайы түрде күресетін болса, оны бақылауға алуға болады. Алайда, өкінішке орай, кейбіреулер жанама немесе тікелей түрде лаңкестік ағымдарға көмектесіп отыр" деді.

Хазірет Иран мен Грекия саясатының ортақ әрі бағыттас тұстарына тоқталып: "Грекия үкіметі тәуелсіз саясат пен болмысқа ие. Барлық экономикалық қиыншылықтар шешіліп, грекиялық делегацияның Теһран сапарының екі елдің мүдделерін нығайту үшін жағдай тудыратындығына үміттенеміз" деді.

Грекия премьер-министрі де Ислам Революциясының жетекшісіне: "Сіз тарих пен армандары және тәуелсіздіктерін қорғауда шешуші рөл атқарған ұлы да намысқой халықтың жетекшісіз" деді.

Ципрас Иранға сапарды барлық салалардағы ынтымақтастықты арттыруға деген ортақ саяси ерік-жігердің белгісі деп атап: "Бұл сапар екіжақты қарым-қатынастағы жаңа кезеңнің бастамасы саналып, екі елдің мүддесі үшін пайдалы болмақ" деді.