Жаһанпур: COVAX вакцинасының алғашқы топтамасы Теһранға жіберілді
Сәу 05, 2021 15:18 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің басшысы COVAX вакцинасының алғашқы топтамасының Теһранға жіберілгенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киануш Жаһанпур жексенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында: «Оңтүстік Кореяның SK-Bio компаниясы COVAX механизмін пайдаланып өндірген «AstraZeneca» вакцинасының 700 мыңнан аса дозасынан тұратын топтама бірер минут бұрын Амстердам арқылы Теһранға жіберілді»,-деп жазды.