Сәу 13, 2021 20:27 Asia/Almaty
  • Зариф:  Ядролық нысандарды нысанаға алу – әскери қылмыс

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Антониу Гутерришке жазған хатында: «Ядролық нысандардың бірін әдейі нысанаға алу - әскери қылмыс»,- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Зариф өзінің Гутерришке жазған хатын Twitter-де жариялап: «БҰҰ Бас хатшысына радиоактивті материалдардың таралу қаупі жоғары   қорғаныс ядролық қондырғыны әдейі нысанаға алудың ядролық терроризм және әскери қылмыс екені туралы жаздым. Егер АҚШ осы ақымақ құмар ойынның зардаптарынан аулақ болғысы келсе, онда Трамп жүзеге асырған экономикалық терроризмді немесе жақындағы ядролық терроризмді саудаластық құрал ретінде қолдануды доғаруы керек және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының іске асырылуы басталғаннан бергі қайта енгізілген барлық санкцияларды алып тастауы керек»,- деді.    

 

Тегтер