Салеһи: Натанзда уран байыту жалғасуда
Сәу 14, 2021 10:10 Asia/Almaty
Иран Атом ұйымы басшысы Натанзда уран байытудың жалғасуын хабарлады.
Әлиакбар Салеһи: «Иранның уранды 60 пайызға дейін байыту шешімі санкциялардың күшін жою жөніндегі Иран Ислам кеңесі мәжілісінің стратегиялық іс-қимыл заңына сәйкес келеді. Бұл жұмыс «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы шеңберінде жоспарланған және біз байланысты зерттеулерді бұрыннан бастадық»,- деді.
Иран сейсенбі күні Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) бас директоры Рафаэль Гроссиға жазған хатында ол Натанз ядролық нысанында 1000 жаңа центрифуганың орнатылатынын мәлімдеді.
Тегтер