Иран көрші елдерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге дайын
ИИР Энергетика министрі Иранның көрші елдерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге дайын екенін қуаттады.
Иранның Энергетика министрі Реза Ардаканян: «Қазіргі уақытта көршілес елдермен шамамен 3500 мегаватт электр энергиясының алмасу мүмкіндік бар және бағдарламалар жоспарлау арқылы бұл мөлшерді 10000 мегаваттқа дейін арттыруға болады. Осы кезде Иранмен құрлықтық шекарасы бар барлық елдермен бұл айырбас мүмкін. Ирактан басқа, Иран-Әзірбайжан-Ресей бағыты қол жетімді бағыт болып табылады және үш елдің келісімімен бұл жұмысқа қажет зерттеулер жүргізу үшін ирандық консалтинг инженерлері белгіленіп, тиісті келісімшарт дайындалып, қол қойылды. Қазіргі кезде бұл зерттеулер жүргізіліп жатыр»,- деді. Иранның Энергетика министрі «Ауғанстанмен де келіссөздер басталды, ұсыныстар жасалды және жобалар анықталды. Энергия алмасуды арттыру үшін Кабулда комиссия отырысын өткізу арқылы келіссөздерді нәтижеге жеткізбекпіз»,- деп мәлімдеді.