Рухани: Дұшпанның Ирандағы табыс көздері туралы есебі қате
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i52216-Рухани_Дұшпанның_Ирандағы_табыс_көздері_туралы_есебі_қате
Иран Президенті дұшпанның Ирандағы табыс көздері туралы есебінің қате екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 29, 2021 16:09 Asia/Almaty
  • Рухани: Дұшпанның Ирандағы табыс көздері туралы есебі қате

Иран Президенті дұшпанның Ирандағы табыс көздері туралы есебінің қате екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани бейсенбі күні су өнеркәсібіне қатысты 4 жобаны іске қосу рәсімінен кейін: «Дұшпандар Иранда мұнай-химия, болат, газ және электр қуаты өнеркәсіптерінен түсетін табысты есептемеді»,-деді.

Рухани: «Ұзақ уақыт бойы экономикалық соғыс болды, бірақ бір мезгілде басқа табыс көздері пайда болып, үкіметке көмектесті»,-деді.

Иран Президенті: «Мұнай-химия мен болат өндіру саласы пайда болды. Газ бен электр энергиясын экспорттауда жаңа шарттарға ие болдық. Сондай-ақ мұнай өнімдерін өндіру саласында сәттілікке жеттік. Бұларды дұшпан есепке алмады»,-деді.