Санкцияларға қарамастан Иранның гигиеналық өнімдері АҚШ пен Еуропаға экспортталып жатыр
Сәу 30, 2021 13:12 Asia/Almaty
Иранның гигиеналық, косметикалық және жуғыш заттар өндірушілер қоғамының басшысы санкцияларға қарамастан Иранның гигиеналық өнімдерінің АҚШ пен Еуропаға экспортталып жатқанын хабарлады.
Бахтияр Аламбейги: «Коронавирус пен санкциялардан туындайтын қиындықтарға қарамастан елде гигиеналық, косметикалық және жуғыш заттар өндірісі жеткілікті деңгейде атқарылып жатыр. Тіпті кейбір компаниялар АҚШ, Канада мен Еуропа нарықтарына өз өнімдерін экспорттады»,-деді.
Аламбейги: «Санкцияларға қарамастан 2020 жылы өндірісте 10 пайыз өсім болды»,-деді.
Тегтер