Иранда Қадір түндерінің бірі өткізілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i52274-Иранда_Қадір_түндерінің_бірі_өткізілді
Иранда коронавирустың таралуының алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық протоколды сақтай отырып, Қадір түндерінің алғашқы түні өткізілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 02, 2021 09:56 Asia/Almaty
  • Иранда Қадір түндерінің бірі өткізілді

Иранда коронавирустың таралуының алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық протоколды сақтай отырып, Қадір түндерінің алғашқы түні өткізілді.

Имамат пен велаятқа ғашықтар сенбі күні, Рамазан айының он тоғызыншы түнінде Иранның мешіттері, хұсейниелері мен басқа да діни орындарында жиналып, сәресіне дейін Құран аяттары мен «Джоушан Кабир» дұғасын оқып, Алланың есімдерін атады.

Рамазан айының 19, 21 және 23-ші түндері – Қадір түндері. Бұл кезде мұсылмандар түні бойы ұйықтамай, Құран мен дұға оқып, Құдайға жалбарынады.

Қадір түнінің қасиеті жылдың барлық түндерінен артық. Сол түнгі амал-әрекет мың айдан қадірлі. Сол түні адамның тағдыры шешіледі.