Иран тауарлары әлемнің 143 еліне экспортталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i52278-Иран_тауарлары_әлемнің_143_еліне_экспортталды
Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі ирандық тауарлардың әлемнің 143 еліне экспортталғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 02, 2021 10:31 Asia/Almaty
  • Иран тауарлары әлемнің 143 еліне экспортталды

Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі ирандық тауарлардың әлемнің 143 еліне экспортталғанын айтты.

Сейіт Рухолла Латифи: «Үстемшіл жүйе таңған санкциялар мен әлемді жайлаған коронавирустан туындаған шектеулерге қарамастан, 2020 жылы Иран әлемнің 143-тен астам еліне тауар экспорттап, 123 елден импорттады. Иран экспортының құны 34 млрд 998 млн доллар болды»,-деп мәлімдеді.

Иран Кеден басқармасының ақпарат өкілі: «Иран тауарлары экспортының басты бағыты Қытай, Ирак пен БАӘ болды»,-деді.