Иран Ресейге 1000 тонна балық шаруашылығы өнімдерін экспорттады
Ақп 09, 2016 18:16 Asia/Almaty
Иранның балық шаруашылығы ұйымының төрағасы Хасан Салехи өткен 10 айда Ираннан құны 5 миллион долларды құрайтын 1000 тонна балық шаруашылығы өнімдерінің Ресейге экспортталғанын мәлімдеді.
Салехи Ресейді келешекте Иранның балық шаруашылығы өнімдерін экспортау үшін ең маңызды нарығы деп атап: «Санкциялар алынғаннан кейін еуропалық, Оңтүстік-шығыс Азия мен Орталық Азия елдері Иран өнімдерінің осы түрін импорттауға ықылас білдіріп отыр» деді. Салехи асшаян мен балық өнімдерінің балғын және консервіленген түрлерін Иранның Ресейге көп экспорттайтын өнімдері деп атап: «Иранның балық шаруашылығын дамыту үшін жақында Америка, Франция, Норвегия және Италия елдерімен ынтымақтастық басталады» деді.
Тегтер