Амир Абдоллаһиан: Иран бүкіл күшімен Палестина халқын қолдайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының Халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі сионистердің бүгін тығырыққа тірелгеніне назар аудартып: «ИИР қарсыласу ағымы және Палестина халқына бүкіл күшімен қолдау көрсетіп келе жатқанын мақтанышпен мәлімдейді»,- деді.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, Хұсейн Амир Абдоллаһиан сейсенбі күні Екінші Халықаралық қасиетті Құдс конгресінде: «Кудс күні биыл сионистердің соңғы күндері басып алынған жерлерде найзағай сынды соққылардың куәсі болған жағдайында атап өтіледі. Бұл соққылар қарсыласу ағымының ызасының тек бір кішкентай бөлімі және сионистердің аймақтағы шабуылдары мен арсыз әрекеттеріне жауабы. Әрине, кейбір елдердің сионистік режим арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіруі Палестина теңдеуіне ешқандай әсер етпейді. Әсер етуші нәрсе - қоғамдық пікір, ислам үмбетінің көзқарасы және күш-қуатпен көрсетіліп жатқан қарсылық»,- деп қуаттады.