Maм 13, 2021 15:44 Asia/Almaty
  • Иран Президенті исламдық елдер басшыларын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Иран Президенті исламдық елдер басшыларын Ораза айтпен құттықтап: «Исламдық елдер басшыларының ерік-жігерінің аясында әлем мұсылмандарының бірлігі мен достығы бұрынғысынан нығаятынына сенімдімін»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани өз жолдауында: «Ораза айт - болмысқа оралу мерекесі және қасиетті Рамазан айының мөлдір бұлағын пайдаланып, өздерін тазартқан және Алланың алдында ғибадат жасаған ораза ұстаушылар мен адал пенделер үшін қуаныш күні. Исламдық елдер басшыларының ерік-жігерінің аясында әлем мұсылмандарының бірлігі мен достығы бұрынғысынан нығаятынына және әлемнің түпкір-түпкірінде исламдық мәдениеттін дамуына сенімдімін»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер