Иран экспорты 46 пайызға өсті
Maм 18, 2021 14:39 Asia/Almaty
Иран Кеденінің бас директоры елдің экспортының 46 пайызға артқанын мәлімдеді.
Иран Кеденінің бас директоры Мехди Мирашарфи осы жылдың басынан (наурыздан) бері ел экспортының 46 пайызға өкенін хабарлады. Ол: «Иранның 1400 жылдың басынан бастап (наурыздан бері) экспорты 15 жарым миллион тоннаға жетіп, 5 миллиард 600 миллион долларды құрады. Бұл өткен 1399 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға өскендігін көрсетті. Сондай-ақ осы кезеңде 5 миллиард 600 миллион долларға 4,5 миллион тонна тауар импортталды. Импоот мөлшері де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, елдің сауда балансының теріс күйден шыққанын көрсетті»,- деді.