Рухани: Әлемнің назары Иран сайлауына бағытталған
(last modified Wed, 19 May 2021 11:46:50 GMT )
Maм 19, 2021 17:46 Asia/Almaty

ИИР Президенті әлемнің назары Иран сайлауына бағытталғанын мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Иранның президенттік сайлауына халықаралық тұрғыдан баршаның назар аударуына тоқталып: «Дауыс беру жәшігі – ИИР-ның мақтаныштарының бірі және Иранның республикалық жүйесінің белгісі - халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы»,- деді. Иран Президенті сөзінің жалғасында сионистік режимнің Палестинаның жазықсыз халқына қарсы үрейлі әрекеттерін айыптап, исладық елдерден Палестина халқын құтқару үшін бүкіл талпынысын жасауды сұрады. Рухани сондай-ақ Иранның мұнайдан тыс экспортының 40 миллиард доллар және импортының 42 миллиард доллар құрайтынына сілтеме жасап: «АҚШ-тың сәтсіздікке ұшырауына  әкеліп соқтырған факторлардың бірі – санкциялар кезеңінде оның өндірістегі жұмыстарын жалғастыруы және өткен жылы біз Иранда өндірістің серпілісінің куәсі болдық»,- деді.   

 

Тегтер