Рухани: Әлемнің назары Иран сайлауына бағытталған
ИИР Президенті әлемнің назары Иран сайлауына бағытталғанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында Иранның президенттік сайлауына халықаралық тұрғыдан баршаның назар аударуына тоқталып: «Дауыс беру жәшігі – ИИР-ның мақтаныштарының бірі және Иранның республикалық жүйесінің белгісі - халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы»,- деді. Иран Президенті сөзінің жалғасында сионистік режимнің Палестинаның жазықсыз халқына қарсы үрейлі әрекеттерін айыптап, исладық елдерден Палестина халқын құтқару үшін бүкіл талпынысын жасауды сұрады. Рухани сондай-ақ Иранның мұнайдан тыс экспортының 40 миллиард доллар және импортының 42 миллиард доллар құрайтынына сілтеме жасап: «АҚШ-тың сәтсіздікке ұшырауына әкеліп соқтырған факторлардың бірі – санкциялар кезеңінде оның өндірістегі жұмыстарын жалғастыруы және өткен жылы біз Иранда өндірістің серпілісінің куәсі болдық»,- деді.