Арақчи: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралатын уақыт келді
(last modified Fri, 21 May 2021 09:27:57 GMT )
Maм 21, 2021 15:27 Asia/Almaty
  • Арақчи: АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралатын уақыт келді

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына оралатын және санкцияларды алып тастайтын уақыт келді»,- деді.

 

Сейед Аббас Арақчи Жапонияның NHK арнасына берген  сұхбатында Венадағы БҰҰ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы жөніндегі келіссөздерде осы кезге дейін  кейбір негізгі мәселелердің шешілмегенін мәлімдеді. Сейед Аббас Арақчи: «Иран АҚХА-мен ынтымақтастығын жалғастыру туралы кейін шешім қабылдайды»,- деді. 21 мамыр күні Иран мен АҚХА-нің үш айлық ынтымақтастық келісімі аяқталады.