Рухани: Иран халқы экономикалық соғыста жеңіске жетті
Maм 23, 2021 16:12 Asia/Almaty
ИИР Президенті Иран халқының экономикалық соғыста жеңіске жеткенін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани жексенбі күні үкіметтің экономикалық үйлестіру штабының жиналысында: «Ел өнеркәсібінің әртүрлі салаларындағы өндірістік көрсеткіштер – АҚШ-тың барынша қысым саясатының нәтижесіз болғанының ең жақсы үлгісі»,-деді.
Рухани: «Венада өткен жуырдағы келіссөздерді назарға ала отырып, америкалықтар санкцияларды жоюға дайын екендерін ашық жариялады»,-деді.
Иран Президенті келіссөздердің жалғаса беретінін айтты.
Тегтер