Ирандағы 13-ші президенттік сайлауға үміткерлердің алғашқы дебаты өтті
Ирандағы 13-ші президенттік сайлауға үміткерлер алғашқы дебатында өз стратегиялары мен бағдарламаларын таныстырды.
Сейсенбі күні экономикалық тақрыппен өткен алғашқы теледидар дебатында сайлау үміткері Саид Джалили өзінің экономикалық бағдарламасымен таныстырып, мақрұм қалуды жоюға ерекше назар аударатынына тоқталып: «Жұмыс орындарын құру, шахталарды жандандыру және шикізаттың сатылуының алдын алу, ұлттық валютаның құнын арттыру және өндірісті көтеру үшін мұқият жоспарлау қажет»,- деді. Президенттік сайлаудың келесі үміткері Сейед Ибрахим Раиси өндіріске тартымдылығы және өндірістің өркендеуіне назар аудару мен жұмыс орындарын құруды өзінің маңызды бағдарламаларының бірі реінде атап, әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлықпен күресуді, инфляцияны бақылау және адамдардың тұрмыстық мәселелерін шешуді өз жұмысының басты мәселелері болатынын мәлімдеді. Сейед Амир Хұсейн Қазизаде Хашеми инфляцияны Иран экономикасының ең маңызды проблемасы деп тауып, ұлттық валютаның құның көтерді қуаттап: «Банк және қор биржасы саласындағы кейбір қаржылық-экономикалық заңдар халық мүддесін қамтамасыз ету және экономикалық мәселелерді шешу бағытында өзгертілуі керек»,- деді. Әлиреза Закани экономика, менеджмент, мәдениет және қоғам, сыртқы саясаттың барлық салаларының жедел реформалануына тоқталып, оның үкіметінің өндіріс серпілісі мен басқару саласына шоғырланып, сыбайлас жемқорлық және бюрократиямен күресуге, сондай-ақ экономикалық даму мен байлықты дұрыс бөлуге назар аударатынына тоқталды. Мохсен Резаи үкімет пен экономиканың және экономика мен халықтың қарым-қатынасының орнатылмағанын сынап, ақшалай субсидияларды көбейту, үйдегі жұыс орындарын құру, тұрғын үй салу және кедейлікпен күресуді басымдықтарының бірі екеніне тоқталып, оның экономикалық бағдарламасының бүгінгі қорғаныс-саяси Иранмен қатар үлкен экономикалық Иранға жол ашатынын мәлімдеді. Мохсен Меһрализаде дамудың, әсіресе экономикалық дамудың тиісті ғылыми тәжірибелі үлгісінің болмауын елдің өзекті мәселелерінің бірі деп біліп: «Өндірістің алдындағы кедергілерді жою, өндірісті салықтан босату, өтімділікті өндіріске бағыттау, жұмыс орындарын құру, туризм және қоршаған орта – менің үкіметімнің ең маңызды бағдарламаларынан»,- деді. Абдунасер Хеммати өтімділікті бақылау және қоғамға енгізілген ақша базасын бейтараптандыруды ең маңызды мәселелердің бірі атап: «Ауылшаруашылық сектор мен адамдардың тұрмысына шынайы назар аударамын»,- деді.