Рахмани Фазли: Қауіпсіз сайлау өткізу үшін жағдай жасалды
Маусым 08, 2021 15:22 Asia/Almaty
Иран ішкі істер министрі: «Толық қауіпсіздік пен толық санитарлық-гигиеналық жағдайда сау сайлау өткізу үшін барлық шарадар қарастырылды»,- деді.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Абдолреза Рахмани Фазли дүйсенбі күні коронавируспен күресу Ұлттық штабтың жедел әрекеттер орталығының 15-ші отырысы аясында, журналистер алдында: «Барлық мекемелер үгіт-насихат науқаны кезінде және дауыс беру күндері санитарлық-гигиеналық протоколдарды сақтап, халықтың маңызды саяси мерекесін коронавирус ауруын тарататын жерге айналдырмау үшін толық дайын екендерін жариялады»,- деді.