Иранның БҰҰ-да дауыс беру құқығы қалпына келтірілді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i53232-Иранның_БҰҰ_да_дауыс_беру_құқығы_қалпына_келтірілді
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Иранның ұйымдағы сайлау құқығының қалпына келтірілгенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 12, 2021 12:54 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ-да дауыс беру құқығы қалпына келтірілді

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Иранның ұйымдағы сайлау құқығының қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

Fars News агенттігінің хабарлауынша,  Маджид Тахтраванчи  жұма күні Twitter-дегі парақшасында: «БҰҰ бұл мәселені 6 айдан астам уақыт қарастырғаннан кейін, кейінге қалдырылған төлемді алғандығын мәлімдеді. Енді барлық адамгершілікке жатпайтын санкциялар алынып тасталуы керек. АҚШ-тың заңсыз санкциялары біздің халқымызды дәрі-дәрмекке қол жетімділіктен айырып қана қоймай, Иранның БҰҰ алдындағы қарызын төлеуге де кедергі болды»,- деп жазды.