Иранда COVIran Barakat вакцинасын қолдануға рұқсат берілді
Маусым 14, 2021 17:54 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі COVIran Barakat вакцинасын қолдануға рұқсат берілгенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Саид Намаки дүйсенбі күні: "Бүгін Иран COVIran Barakat вакцинасын жедел қолдануға рұқсат алды. "Пастур" вакцинасының рұқсаты келесі аптада берілетін болады",-деді.
Намаки: "Пастур" вакцинасының сипаттамасында 2 қателік жіберілген. Солар түзетілгеннен кейін келесі аптада оны тұтынуға рұқсат беріледі. Жақын болашақта "Рази" мен "Фахра" да қолданысқа берілген вакциналар қатарына қосылады",-деді.