Маусым 14, 2021 18:09 Asia/Almaty
  • Зариф: Халықтың сайлауға қатысуы болашақ санкцияларды залалсыздандырады

Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні Инстаграм парақшасында жариялаған видеосында: "Халықтың сайлауға қатысуы санкцияларды жоюды жылдамдатып қана қоймайды, Иранның ержүрек халқына қарсы экономикалық соғыстың негізін жойып, болашақ санкцияларды залалсыздандырады",-деді.

Мұхаммед Джавад Зариф халықты елдің азаттығы, қауіпсіздігі, айбыны мен дамуының ең әсерлі кепілі екенін айтып: "Халықтың өз тағдырын анықтауға саналы әрі ауқымды түрде қатысуы ұлттық күш-қуатты тудырады, ұлттық мүдделерді әлемдік деңгейде қорғайтын болады және халықаралық сахнада сындарлы әріптестік жасау үшін басты тірек болады",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі: "Халықтың сайлауға жаппай қатысуы  Ираннан үркіту және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен жауласу арқылы ынтымақтастықты жеңіліске ұшыратып, санкцияларды арттыруды көздейтін экстремистер, сионистер мен экономикалық лаңкестердің сағын сындырады",-деді.

Тегтер