Маусым 17, 2021 15:55 Asia/Almaty
  • Зариф Түркияға аттанды

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иран Сыртқы істер министрінің Түркияға аттанғанын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде бейсенбі күні  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлудың шақыруымен Анталия Дипломатиялық форумына қатысу үшін Түркияға аттанатыны туралы хабарлады. Хатибзаде: «Зариф форумда ИИР көршілік доктринасы туралы сөз сөйлеп,  Иранның осыған қатысты саясатын түсіндіреді. Зариф форум аясында оғат қатысуға жиналған кейбір жоғары лауазымды тұлғалармен және сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Ол сондай-ақ Иран, Түркия және Ауғанстан сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуіне қатысады»,- деді.

 

 

Тегтер