Әлиреза Закани президенттік сайлауға үміткер ретінде қатыспайтынын жариялады
ИИР Ішкі істер министрлігі мәлімдемесінде 13-ші президенттік сайлаудың үміткері Әлиреза Заканидің президенттік сайлауға қатыспайтынын жариялады.
ИИР Ішкі істер министрлігі бүгін, бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «13-ші президенттік сайлаудың үміткері Әлиреза Закани 27 хордад күні (17 мауысым) президенттік сайлауға қатыспайтынын Ішкі істер министрлігіне жариялады. Мохсен Резаи Мирқаед, Сейед Ибрахим Раиси, Сейд Амир Хұсейн Қазизаде Хашеми және Абдунасер Хеммати - Иранның президенттік сайлауына қатысатын төрт үміткер.
Иранның 13-ші президенттік сайлауы Ислам Кеңесі Мәжілісі мен діни жетекшінің Хобреган мәжілісінің кезеңдік сайлауы және қала мен ауыл Ислам кеңесі сайлауымен бірге ертең, жұма 18 маусым күні сағат 7:00 басталады.