Маусым 18, 2021 15:45 Asia/Almaty

Қалибаф: Сайлау - діни демократияның қорыИран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Сайлау - діни демократияның қоры және халықтың республика мен ислам негіздерін қорғау талпынысының нәтижесі»,- деді.

 

Iran Press жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Бақер Қалибаф жұма күні Теһрандағы Абузар мешітіне барып, дауыс берді. Ол: «Сайлау елдің маңызды саяси және әлеуметтік қолы болып табылады және Иранның тұрақты қауіпсіздігі мен билігі үшін сайлау жәшіктері елге тереңдік пен тұрақтылық береді. Бағдарламалар мен пікірсайыстарда берілген барлық уәделер орындалуы керек. Парламенттің болашақ үкіметпен жақсы ынтымақтастығымен және екі биліктің бір-бірінен тәуелсіздігін сақтай отырып, біз халықтың мәселелерін, бастысы экономикалық мәселелерін шешеміз»,- деп мәлімдеді.

Тегтер