Зариф: Сардашт - бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қаруды қолданудың көрінісі
ИИР Сыртқы істер министрі Сардашт қаласын заманауи кезеңдегі бейбіт тұрғындарға және халық тұратын аймаққа қарсы химиялық қаруды қолданудың көрінісі деп атады.
Ирактың БААС режимі 1987 жылдың 28 маусымында Иранның солтүстік-батысындағы халық тығыз орналасқан Сардаштың төрт жерін химиялық бомбалармен шабуылдады. Бұл шабуылда қаланың 119 бейбіт тұрғыны шәһид болып, сегіз мыңнан астам адам улы газдардың әсеріне ұшырап, химиялық жарақат алды.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад зариф дүйсенбі күні Сардашт қаласындағы апаттың салдарынан қаза тапқандарды еске алып: «Біздің елдің химиялық соғыстан зардап шеккен адамдары екі рет кейбір Батыс үкіметтерінің адамгершілікке жатпайтын саясатының құрбаны болды. Бірде олар Саддамға химиялық заттарды және ядролық қару-жарақ технологиясын сатты, ал бірде Трамптың кезінде адамзатқа қарсы санкцияларды қолданып, химиялық соғыс құрбандарының азаптарын жеңілдетуге қажет дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтардың жеткізілуіне жол бермеді. Біздің тапыныстарымыз бен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының ынтымақтастығына қарамастан, АҚШ-тың жаңа үкіметі бұрынғы үкіметінің сәтсіз саясатынан әлі бас тартқан жоқ және заңсыз санкцияларды жалғастырып, химиялық шабуылдан задап шеккендерге қажет дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтарды жеткізуге кедергі тудырып отыр»,- деді.