«Астана форматындағы» келіссөздерінің 16-шы кезеңіне Иран өкілдері қатысуда
Бүгін, 7 шілдеде Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда Ресей, Иран және Түркия, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясы өкілдері және бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің қатысуымен Сирия бойынша «Астана форматындағы» келіссөздердің 16-шы кезеңі өз жұмысын бастады.
Кездесуге қатысып отырған Иран делегациясын елдің Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Алиасғар Хаджи басқарады. Екі күндік кездесу барысында келіссөз жүргізушілер Сириядағы соңғы ахуалды, халықаралық гуманитарлық көмек процесін, Сирия конституциялық комитетінің Женевадағы жұмысын қайта басталу перспективасын және сенімді нығайту шараларын, соның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілгерлерді босатужәне жоғалған адамдарды ізде мәселелерін талқыланады. Иран делегациясының Сирияға сапары, «Астана форматындағы» келіссөздеріндегі тиімді рөлін ескере отырып, Иран үшін терроризммен күрес пен аймақтық қауіпсіздікті орнатудың маңыздылығын көрсетеді. Иранның Сириядағы оқиғаларға қатысты сыртқы саясаты - аймақтағы тұрақтылықты, аумақтық тұтастық пен ұжымдық қауіпсіздікті сақтау.
Батыс Азия мәселелері жөніндегі сарапшы Асғар Зареи Иранның қарсыласу күштеріне қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанына тоқталып: «Кейбіреулер сардар Солейманидің шәһид болуы Иранның ықпалын төмендетеді және аймақтағы қарсыласу күштерінің әрекетсіздігіне әкеледі деп ойлады. Бұл қате ой болды. Бүгінгі күні қарсыласу ағымы жеке адамға байланысты емес, іс жүзінде біз аймақтағы тұрақты және шетелдік күштердің араласуына және басып алуына жол бермейтін қозғалыстың куәсіміз. Сондықтан кейбір оқиғалар, мысалы Сардар Солейманидің шәһид болуы, ИИР-ның терроризммен күресу және қарсыласу осіне қолдау көрсету мақсаттарынан қайтармайды»,- деді.
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи сейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Иранның терроризм құбылысына қарсы тұруға және оның барлық түрлерін жоюға бел буғанын қуаттады. Сирия дағдарысының шешімі - барлық лаңкестік және агрессорлық топтарға қарсы тұру және Сирия үкіметінің билігін толық мойнына алу. Жақында өткен Сириядағы сайлау да бұл елдің басшылығы халықтың кең қолдауына ие екенін және оған толық саяси жауапкершілік жүктелетінін көрсетті. Осындай жағдайда Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматындағы» жаңа раундын өткізу - бұл Сирия дағдарысын шешуге бағытталған күш-жігерді үйлестіру мен жалғастырудың тағы бір мүмкіндігі, және бұл кездесу келіссөз жүргізуші тараптарды жақындастырады. Осыған байланысты Усама Денвер, саяси және стратегиялық талдаушы және Женева келіссөздеріндегі Сирия үкіметі келіссөздер тобының бұрынғы мүшесі: «Астана форматының үш кепілінің бірі ретінде Иран бірнеше салада шешуші рөл атқарады. Иран Түркиямен мықты экономикалық және саяси байланыстарға ие және терроризммен күресте Сирия мен Ресейдің стратегиялық одақтасы және толық серіктесі болып табылады. Осы себепті Иран терроризмге қарсы соғысқа қатысуымен бірге барлық тараптар қабылдаған арағайындық рөлін атқара алады. Сирия дағдарысын тез арада шешудің жолдары бар ма? Кейбір сарапшылар бұл мақсатқа қысқа мерзімде жету қиын деп санайды.
Саясаттанушы Фарид Саадун Ресейдің Sputnik агенттігіне: «Сириядағы дағдарыс, кем дегенде, жақын бірнеше жыл бойы жалғасады», - деді. Сонымен қатар, сириялық сарапшы АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуы жаңа мағынаға ие және бұл аймақтағы саяси өзгерістерге кіріспе болуы мүмкін деп санайды. Сириядағы саяси ахуалға шолу жасағанда, қазір дәлелдер Сирияда тұрақтылықты қалпына келтіруге жақсы негіз бар екенін көрсетеді деп айту керек. Осы тұрғыдан алғанда, Сирия туралы «Астана форматы» бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздердің жаңа раундын өткізу жақын арада БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің күшімен Сирияның конституциялық комитетіне қатысушы тараптардың жаңа кездесуі өтеді деген ықтималды нығайтады.