Шіл 15, 2021 17:03 Asia/Almaty
  • Иран армиясының бас қолбасшысы: Елдің шығыс шекараларының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген

Иран армиясының бас қолбасшысы: «Шығыс шекараларда ешқандай алаңдаушылық жоқ. Қарулы күштер ірі қоқан-лоққыларға төтеп беруге әрдайым дайын»,-деп қуаттады.

Генерал-майор Мусави елдің шығыс шекараларын аралап: «Ауғанстан халқымен түп тамырымыз бір болғандықтан, бұл елде қауіпсіздік, тыныштық пен жақсы әл-ауқаттың болуын қалаймыз. Ауған бауырлар мен қарындастардың жағдайына алаңдаймыз»,-деді.

Иран армиясының бас қолбасшысы: «Елдің Қарулы күштері ірі қоқан-лоққыларға төтеп беруге дайындалып алғанына жылдар болды. Егер бір мәселе туындаса, оны жылдам әрі кесімді түрде шешеді»,-деді.

Иран армиясының бас қолбасшысы шығыс шекараларды бақылау орталықтары, ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі, әскери-электронды кешендерді аралады.   

Тегтер