Калибаф ислам елдері парламенттерінің спикерлерін Құрбан айтпен құттықтады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Ислам елдері парламенттерінің спикерлерін Құрбан айтпен құттықтады.
Калибаф сәрсенбі күні Ислам елдерінің парламент төрағаларына жолдауында Құрбан айт мерекесімен құттықтап: «Мұсылман елдері арасындағы келісім мен бірлік, жақындық пен біртектілік - ислам әлемінің өсуі мен дамуы мен нығаюының көрінісі. Бұл уақытта ислам елдерінің парламенттері исламдық үмбеттің келісімі мен бірлігіне қол жеткізуіне маңызды рөл атқарады. Коронавирустың таралуына байланысты қажылық рәсімдері шектеулі түрде өтіп жатқан қазіргі кезеңде исламдық қоғамдардың коронавирусқа қарсы шаралары мен денсаулығына көңіл бөлу маңызды»,- деді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ислам елдері арасындағы кеңесулер мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін де баса айтты.