Рухани: Көршілес елдер өзендердің суын пайдалануда әділеттікті сақтауы керек
Иран Президенті көршілес елдердің өзендер суын пайдалануда әділеттікті сақтауы қажеттігін айтып: «Қоршаған орта саласында аймақтағы көршілес елдермен әріптестік жасау керек»,-деді.
Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Хасан Рухани дүйсенбі күні еркін сауда-экономикалық аймақтар мен қоршаған ортаға қатысты ұйымдардың ұлттық жобаларын ашу рәсімінде: «Қазіргі таңда Иранда 15 еркін аймақ бар. Олар елдің әлем және көршілес елдермен сындарлы әріптестік жасауына септігін тигізеді деп үміттенеміз»,-деді.
Иран Президенті қоршаған ортаның түрлі қырлары барына тоқталып: «Әсіресе қоршаған орта тақырыбында аймақтық және көршілес елдермен әріптестік жасау керек. Осы орайда халықаралық қауымдастықта маңызды істер істеп, су мен жер саласында саяси және ғылыми шаралар атқарып, тиісті үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, тиімді шарттарға қол жеткізу керек»,-деді.