Там 05, 2021 23:28 Asia/Almaty

Иран сот органының басшысы елдің он үшінші үкіметі басшысының инаугурация рәсімінде: «Заң мен жауапкершілік күші – президентке аманат»,-деді.

Iran Press ақпарат агентігінің хабарлауынша, Иран сот органының басшысы Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи бейсенбі күні елдің сегізінші президенті сейіт Ибраһим Раисидің инаугурация рәсімінде халықтың өз қалауымен үлкен жауапкершілік пен билікті президенттің қолына бергенін айтып: «Заң мен жауапкершілік күші – президентке аманат»,-деді.

Ежеи: «Дұшпандардың талпыныстарына қарамастан, 1400 жылы 28 хордадта (2021 жылы 18 маусымда) сайлау учаскелеріне барып, тағы бір рет революция тарихында алтын парақ ашып, алдағы төрт жылдық кезеңге лайықты адам таңдаған қырағы халыққа алғыс айтты»,-деді.

Иран сот органының басшысы: «Ел конституциясына сәйкес президент – Ислам революциясының жетекшісінен кейінгі ең жоғары тұлға. Ол конституцияның орындалуына жауапты»,-деп еске салды.

Мохсени Ежеи: «Президент бүгін Мәжіліс ғимаратында сот органы басшысы мен Эксперттер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Құран кітабы мен халық өкілдері алдында Алла тағала атымен ресми дін, исламдық республика жүйесі мен ел конституциясын қорғауға ант берді»,-деді.  

Тегтер