Там 06, 2021 01:05 Asia/Almaty

Сейіт Ибраһим Раиси бүгін, бейсенбі күні Ислам Кеңесі Мәжілісінде өткен өзінің инаугурация рәсімінде: «28 хордад сайлауындағы халық дауысының жолдауы өзгеріс пен әділеттікті талап ету болды»,-деді.

Раиси: «Біз адам құқықтарының шынайы қорғаушысымыз»,-деді.

Иран президенті: «Иранда ислам революциясының болуы ел тарихында азаттық, саяси атсалысу мен демократияның жаңа тарауын ашты»,-деді.

Раиси: «ИИР конституцияның 6-бабында барлық мемлекеттік органдар халықтың ерік-жігері мен дауысының нәтижесі саналады»,-деді.      

Иран президенті: «Халық революцияның нұрлы жолын жүріп өтуге ерік-жігер танытып отыр»,-деді.

Раиси: «Қорғансыз әрі бейкүнә адамдардың құқықтарына қол сұғу, зұлымдық пен қылмысқа қатысты үнсіздікті қабылдамаймыз»,-деді.

Иран президенті: «Зұлымдық пен қылмыс Еуропа мен АҚШ-тың ортасында болса да, Африка немесе Йемен, Сирия мен Палестинада болса да, жапа шеккендердің жанында боламыз. Өзіміздің халқымыз, әсіресе жастар езілгендер мен революциялық күрескерлердің үні болғанымызды қалайды»,-деді.

Раиси: «Халықтың биліктің үш тармағы, ислам революциясының органдары мен қарулы күштерімен әріптесуін қалаймыз»,-деді.

Иран президенті: «Қазіргі жағдайды ескеріп, үкімет, парламент пен сот органы бір-бірімен одан ары әріптесіп, жұмыла түсуі тиіс. Халыққа қызмет жолында бірде-бір мүмкіндікті қолдан жіберіп алмауымыз керек»,-деді.

Раиси: «Халық қоғамда ұлттық шаттық пен әлеуметтік құлшыныстың таралуын қалайды. Халықтың ерік-жігерінен бастау алған үкімет халықтың мүддесін қамтамасыз етіп, әділеттікті орнату үшін табанды қызмет етеді. Бұл жолда талмай да тынбай еңбек ететін болады»,-деді.

Иран президенті: «Иран халқына қарсы санкциялар жойылуы тиіс. Осы мақсатты орындауға бағытталған дипломатиялық жобаны қолдайтын боламыз»,-деді.

Раиси: «ИИР көршілес халықтарды өзінің туысы санайды»,-деді.

Тегтер