«Дена» эсминеці қызметке дайын
Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы: «Толықтай Иранда жасалған «Дена» эсминеці теңізде қызмет етуге дайын, сондықтан армия теңіз күштерінің үшінші аймағының әскери кемелер флотына қосылады»,-деп мәлімдеді.
Адмирал Хұсейн Ханзади Иранның халықаралық суларда трансаймақтық қызметін нығайту қажеттігін айтып: «Дена» эсминеці ирандық инженелер мен технологтардың дарыны мен қабілетін паш етті»,-деді.
Иран армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы елде кеме жасауды ирандық мамандардың өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін көрсететінін айтып: «Иран теңіз күштері кемелерінің халықаралық суларда болуы Иранның туын желбіретіп, теңіз жолының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Иранның ұлттық мүдделерін қорғаумен қоса, әлем алдында елдің абырой-айбынын асқақтатады»,-деді.