Қалибаф: 17 шаһривар көтерілісі шах режимінің болмысын көрсетті
(last modified Wed, 08 Sep 2021 08:43:40 GMT )
Қыр 08, 2021 14:43 Asia/Almaty
  • Қалибаф: 17 шаһривар көтерілісі шах режимінің болмысын көрсетті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы 17 шаһривар көтерілісінің шәһидтерін еске алу рәсімінде: «Революцияның қысылтаяң шағында бұл көтеріліс шах режимінің пасық болмысын көрсетті»,-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Бағер Қалибаф  сәрсенбі күні  Мәжілістің ашық жиналысында: «1357 жылы 17 шаһриварда болған Теһран халқының қанды көтерілісін құрметпен еске аламыз. Бұл көтеріліс революцияның қысылтаяң шағында шах режимінің пасық болмысын көрсетті»,-деді.  

1978 жылы 8 қыркүйекте Пехлеви режимінің жендеттері Иранның революцияшыл халқын қырып жойды. Бүгін, сәрсенбі 2021 жылдың 8 қыркүйегі, сәйкесінше х.ш.ж.с.б. 1400 жылдың 17 шаһривары осы оқиға еске алынуда.

Тегтер