Теһранда Арбағин шеруі өтті
Теһранда Арбағин шеруі санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкес өткізілуде.
Имам Хұсейн атындағы алаңнан басталған Арбағин шеруінде аза тұтушылар 17 км өтіп, түскі намаз уақытында Теһранның оңтүстігінде орналасқан Хазірет Абдолазимның кесенесіне жетті. Арбағин жаяу жүру рәсімі кезінде имам Хұсейнге (ғ.с.) сүйспеншілік білдірушілер Теһранның әртүрлі жерлерінен Хазірет Абдолазимның кесенесіне дейін жаяу жүреді.
Бүгін, дүйсенбі хиджри-қамари күнтізбесі бойынша1443 жылдың сафар айының 20 жұлдызы әлем шиіттерінің үшінші имамы, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) немересі имам Хұсейннің (ғ.с.) Кербала даласында шәһид болған күнінің қырықы (арбағині). Бұл күні зияратшылар имам Хұсейнге (ғ.с.) арналған Арбағин рәсімдеріне қатысу үшін Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласына ағылады.