Тахтраванчи: Израиль премьер-министрінің Иран туралы сөзі өтірікке толы болды
Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Израиль премьер -министрінің БҰҰ Бас Ассамблеясындағы сөзіне реакция білдіріп: «Израиль премьер-министрінің Иран туралы сөзі өтірікке толы болды»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Маджид Тахтраванчи дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында сионистік режимнің жүздеген ядролық оқтұмсықтарға ие бола отырып, Иранның бейбіт мақсатты бағдармамасы туралы пкір білдіре алмайтынына тоқталып: «Иранофобия БҰҰ-да өзінің шыңына жетті»,- деп мәілмдеді.
Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет дүйсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясында сионистік режимнің ИИР-ның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасына қатысты айыптауларын қайталады. Израиль премьері Иранға қарсы айыптарын бұл режимде кемінде 200 ядролық бомба бар және осы кезге дейін АҚХА инспекторларына өз ядролық ортаықтарын тексеруге рұқсат етпеген жағдайда айтты.