Амир Абдуллахиан: Сионистік режим аймақ пен Бахрейнге тек тынышсыздық әкеледі
Қаз 02, 2021 18:03 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі сионистік режим аймақ пен Бахрейнге тек тынышсыздық әкеледі деп тапты.
Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter-дегі парақшасында араб тілінде: «Бахрейн үкіметінің сионистік режимнің сыртқы істер министрін қарсы алуы Палестинаның езілген халқына қарсы әшкере қиянат. Біз тек Палестина деп атанған және астанасы Құдс болып табылатын бір елді ғана қабылдаймыз. Тель-Авив аймақ пен Бахрейн үшін тек тынышсыздық әкеледі»,- деп жазды.
Израиль режимі мен Бахрейн сыртқы істер министрлері бейсенбіде Манамада Израильдің бірінші елшілігін ашты.