Иранның сыртқы саудасы екі есе артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i55802-Иранның_сыртқы_саудасы_екі_есе_артты
Иран Кедені өкілі елдің сыртқы саудасының екі есе артқанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 09, 2021 15:39 Asia/Almaty
  • Иранның сыртқы саудасы екі есе артты

Иран Кедені өкілі елдің сыртқы саудасының екі есе артқанын мәлімдеді.

 

Иран Кедені өкілі Сейед Рухолла Латифи: «Осы жылдың (1400 ж.) қыркүйегінде Иран мен әлем елдері арасында құны 10 миллиард 635 миллион долларды құраған 19 миллион 841 мың тонна тауар айырбасталды.  Бұл мөлшер тамыз айымен салыстырғанда салмағы бойынша 135 пайызға және құны бойынша 98 пайызға өсті. Экспорт үлесі осы айда 4 миллиард 145 миллион долларды құрайтын 14 миллион 522 мың тонна болды. Өткен жылдың (1399 ж.) қыркүйегімен салыстырғанда ол салмағы бойынша 75 пайызға және құндылығы бойынша 56 пайызға артты. Түркия 1 миллиард 202 миллион долларды құрайтын 5 миллион 839 мың тонна тауармен Иран тауарларының бірінші бағыты болды»,- деді.