Иран мен Швейцария президенттері екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуді қуаттады
Иран мен Швейцария парламенттерінің спикерлері ауылшаруашылығы мен туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу қажеттігіне тоқталды.
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Калибаф дүйсенбі күні Теһранда екіжақты кездесуден кейін Швейцария федералды мәжілісінің төрағасы Андреас Аэбимен өткізген бірлескен баспасөз отырысында: «Иран мен Швейцария арасында саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдан ежелден келе жатқан терең байланыс бар. Біз бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастың тереңдігі тұрғысынан қазіргі сәтте тиімді болады деп үміттенеміз»,- деді.
Швейцария федералды мәжілісінің төрағасы Андреас Аэби де бұл баспасөз отырыста: «Азық-түлік қауіпсіздігі - маңызды мәселе, Швейцарияда су мол және Иранда жер көп болғандықтан, бізге бұл саладағы ынтымақтастық қажет. Швейцария федералды мәжілісінің төрағасы сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек қажет екенін қуаттады.