Қалибаф: АҚШ Батыс Азияда текетірес тудыруды жалғастырып жатыр
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "АҚШ Батыс Азияда текетірес тудыруға бағытталған əрекеттерін жалғастырып жатыр",-деді.
Қалибаф жексенбі күнгі ашық жиналыста: "Батыс Азия аймағы қазір қысылтаяң жағдайда тұр. Аймақ елдерінде азаматтық соғыс тудыруды көздейтін күрделі жоспарлар жүзеге асып жатыр",-деді.
Қалибаф: "Аймақ елдерінің арасында экономикалық ынтымақтастық болмауы үшін жəне тұрақты бейбітшілік орнамауы үшін олардың арасына іріткі салу АҚШ пен оған қарасты күштердің күн тәртібіне қойылған",-деді.
Қалибаф: "Иран СІМ-нен осындай қысылтаяң жағдайда аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шаралар атқарып, ИИР-ның рационалды ұстанымын белсенді түрде жеткізіп, ілгерілетуді сұраймын",-деді.