Раиси Путинмен телефон арқылы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i56736-Раиси_Путинмен_телефон_арқылы_сөйлесті
ИИР Президенті Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесуінде: «Біз Иран халқына қарсы барлық санкциялардың жойылуы үшін ядролық келіссөздерге шынайы қараймыз»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 17, 2021 16:36 Asia/Almaty
  • Раиси Путинмен телефон арқылы сөйлесті

ИИР Президенті Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесуінде: «Біз Иран халқына қарсы барлық санкциялардың жойылуы үшін ядролық келіссөздерге шынайы қараймыз»,- деп баса айтты.

 

Иран Президенттінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сейсенбі күні Владимир Путиннің телефон қоңырауына ризашылығын білдіріп: «ИИР еркі Ресеймен сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту»,- деп мәлімдеді. Раиси Ауғанстандағы оқиғаларға тоқталып: «ДАИШ-тің Ауғанстанда болуын аймақ пен осы ел үшін қауіпті деп санаймыз және бұл қастандықтың қауіп-қатерлерін білуіміз керек»,- деді.

Путин екі елдің аймақтық мәселелер, әсіресе Сириядағы ынтымақтастығына тоқталып: «Бірге жұмыс жасау арқылы Сирияның тәуелсіздігін сақтап, осы елдегі лаңкестік ошақты жойып жібердік» деді.