Ирандағы Mahan әуе компаниясының ұшағына жасалған кибершабуыл залалсыздандырылды
Қар 21, 2021 19:49 Asia/Almaty
Иранның Mahan әуе компаниясы өз ұшағына жасалған кибершабуыл туралы хабарға реакциясында: «Mahan әуе компаниясының киберлік қауіпсіздік тобы кибершабуылды қырағы түрде залалсыздандырды. Біздің барлық рейстеріміз бағдарлама бойынша орындалып жатыр»,-деп мәлімдеді.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Mahan әуе компаниясының қоғамдық қатынастар бөлімі өз хабарламасында: «Аталмыш компанияның елдің әуе тасымалы саласындағы орны айрықша. Осы күнге дейін оған сан рет кибершабуыл жасалды. Олар авиация қызметіне нұқсан келтіруді көздеді. Бірақ ешбір нәтижеге жетпеді»,-деп мәлімдеді.