Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы 48,5 пайызға өсті
(last modified Thu, 25 Nov 2021 15:26:18 GMT )
Қар 25, 2021 21:26 Asia/Almaty
  • Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдермен сауда айналымы 48,5 пайызға өсті

Иран Кеден басқармасының баспасөз өкілі: "Ағымдағы жылдың 7 айында құны 9 млрд 233 млн долларды құрайтын 20 млн 300 мың тонна тауар Иран мен ЭЫҰ-ға мүше 9 елдің арасында саудаланды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, Рухолла Латифи: "Иранның ЭЫҰ-мен саудасы шамси жыл санағы бойынша 1399 жылдың алғашқы 7 айымен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 43 пайызға, құн тұрғысынан 48,5 пайызға артты",-деді.

Иранның Кеден басқармасының баспасөз өкілі Иранның ЭЫҰ-ға мүше елдерге экспорты туралы: "Шамси жыл санағы бойынша 1400 жылдың 7 айында өткен жылмен салыстырғанда салмақ тұрғысынан 58 пайызға, құн тұрғысынан 60 пайызға артты",-деді.

Рухолла Латифи: "Сауда үлесі бойынша Түркиядан кейін Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан орналасқан",-деп еске салды.

Тегтер